«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» ШҚ филиалының Facebook әлеуметтік желісіндегі алаңында ШҚО штаттан тыс бас кардиологы Наталья Полторанинамен тікелей эфир өтті

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» ШҚ филиалының Facebook әлеуметтік желісіндегі алаңында ШҚО штаттан тыс бас кардиологы Наталья Полторанинамен тікелей эфир өтті

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» ШҚ филиалының Facebook әлеуметтік желісіндегі алаңында ШҚО штаттан тыс бас кардиологы Наталья Полторанинамен тікелей эфир өтті.

Айта кетейік, бас кардиолог денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бағдарламаның өңірде жүзеге асыуына жауапты.

Денсаулық сақтау сарапшысының айтуынша, бүгінде өңірде 200 000-ға жуық пациент дипсансерлік есепте тұр. ШҚО бойынша штаттан тыс кардиолог Наталья Полторанина өңірде 2022 жылдың жеті айында 16331 адам жүрек-қан айналымы ауруы бойынша скринингтен өткенін айтты. 246 адамда дерттің қауіпі анықталса, 145 адам диспансерлік есепке алынды. 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2022 жылдың 8 айында қан айналымы жүйесі ауруларынан госпитальдық өлім-жітім 75% - ға азайды.
Сондай-ақ жіті миокард инфарктісінен стационарда қайтыс болуы көрсеткіші де төмендеді. Мысалы, 2022 жылдың 8 айында ғана 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 43% - ға аз.

Наталья Полторанина скринингке көп көңіл бөлу керектігін айтты.

-Бұл әсіресе жүректің ишемиялық ауруы бар адамдарға қатысты. Жоспарлы тексерулер және тексерулерді уақтылы жүргізу, науқастарды дәрілік препараттармен қамтамасыз етуді бақылау, созылмалы жүрек жеткіліксіздігі кабинеттерінің жұмысы және т.б. есебінен өлім көрсеткіштерін төмендету көзделіп отыр, — деп атап өтті Наталья Полторанина эфир барысында.

Сондай-ақ, ол жүрек ауруларына шалдыққан шығысқазақстандықтардың МӘМС аясында қандай көмек алатынын егжей-тегжейлі айтып берді.

-МӘСҚ шеңберінде біздің пациенттер учаскелік дәрігерден білікті кеңес алуға ғана емес, сонымен қатар тар мамандардың қабылдауына баруға, жан-жақты тексерілуге құқылы, оған холтер-мониторинг, эхо-кардиография, өңеш-эхо-кардиография, коронарография, стенттеу сияқты зерттеулер кіреді. Облыста МӘМС аясында жүрек клапанын ауыстыру бойынша аз инвазивті операциялар қолжетімді, - деп бөлісті спикер.

Бұдан басқа науқастарды МӘМС шеңберінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жұмыстары жүріп жатыр.

- Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге бөлінетін қаржы жыл сайын артып келеді және біз артериялық гипертензия, жүректің ишемиялық ауруы, клапандарды протездеуден кейінгі жағдай, аортокоронарлық шунттау, ырғақтың бұзылуы сияқты қан айналымы жүйесі ауруларымен ауыратын пациенттердің барынша көп санын қамтуға тырысамыз. Тіпті өкпе гипертензиясы, жүрек ақаулары сияқты ауыр ауруларды біз МӘМС аясында қымбат дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етеміз, - деп нақтылады облыстың штаттан тыс бас кардиологы.