Құтқарушылар балаларға көмекке келді

Құтқарушылар балаларға көмекке келді

2022 жылдың 15 тамызында Өскеменде 30-шы Гвардиялық Дивизия ауданында алты жасар бала ағашқа шығып ап,  түсе алмай жылап отырды. Баланың жылағанын естіген куәгерлер бірден құтқарушыларды шақырды. Оқиға орнына келген ШҚО ТЖД Мамандандырылған жасағының қызметкерлері сақтандыру және құтқару арқанының көмегімен баланы 5-6 метр биіктіктен жерге  түсіріп алды. Қазір оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Бала құрдастарымен ағашқа шығып, содан кейін қолдары талып калды. Бақыттарына орай, құтқарушылар уақытында келді.
Михаэлис көшесінен  қоңырау түсті, 5 жастағы қыздың 3-қабат балконында тұрғанын куәгерлер көрді. Келген бойда ШҚО ТЖД қызметкерлері балконға үш иінді баспалдақпен көтеріліп, үйде ешкім жоқ екенін анықтады. Ата-аналар баланы  жабылған пәтерде қараусыз қалдырды. Құтқарушылар қызды одан әрі мән-жайларды анықтау үшін полицияға тапсырды.
ШҚО ТЖД ата-аналарға балалар үшін жауапкершілік туралы ескертеді. Балаларды қараусыз қалдыру жазатайым оқиғаларға әкеледі. Қауіпсіздік шараларын сақтаңыз: балаларды ашық терезелерге, балконда, пәтерде, су айдындарында қамап кетпеңiз.
Төтенше жағдайда 112 нөміріне хабарлаңыз.
 

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі