Көп пәтерлі үйдегі өрттен құтқарушылар тұрғындарды эвакуациялап, ер адамды құтқарды

Көп пәтерлі үйдегі өрттен құтқарушылар тұрғындарды эвакуациялап, ер адамды құтқарды

Өрт 4 қабатта орналасқан пәтерде басталды.Өрт сөндіру бөлімшелері келген сәтте тұрғын үйдің ішінде жиһаздың ағаш конструкциялары, матрас отқа оралып жатқан.  10 тұрғын өз бетінше эвакуацияланды.
Өрт сөндірушілер түтін аймағынан тағы 3 тұрғынды шығарды.
Өрт 1 шаршы метр алаңда сөндірілді.
Өрт ошағы болған пәтерден ШҚО ТЖД Өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері 1966 жылы туған ер адамды құтқарды. АМО дәрігерлерінің тексеруінен кейін, оның жанған өнімдерден уланғаны расталмады.
Белгілі болғандай, ол сөндірілмеген темекімен ұйықтап, өрт шығарды.
ШҚО ТЖД Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды еске салады. Ешқандай жағдайда төсекте темекі шегуге жол бермеңіз.
Отпен абай болыңыз. Мүмкіндігінше үйде немесе пәтерде өрт сөндіргіш құралы болуы керек.
Өрт кезінде 101 немесе 112 нөмірі бойынша хабарлау қажет