ШҚО құтқарушылары әлеуметтік қорғалмаған азаматтардың үйлеріне 2000-нан астам датчик орнатады

ШҚО құтқарушылары әлеуметтік қорғалмаған азаматтардың үйлеріне 2000-нан астам датчик орнатады

Тұрғын үйлерді қорғау үшін ШҚО ТЖД құтқарушылары қысқы кезеңге дейін әлеуметтік осал азаматтарға алдын ала қамқорлық жасайды. Бүгін ШҚО ТЖД мен "Қазмырыш" ЖШС арасында жасалған меморандум аясында ШҚО ТЖД 2140 дана улы газ датчиктерінің кезекті партиясын беру дәстүрге айналды, олар облыстың 11 қаласы мен ауданына таратылады және аз қамтылған көпбалалы отбасылардың, мүгедек адамдардың, жалғыз басты қарт азаматтардың үйлеріне орнатылады.
"Хабарлағыштар тұрғын үй-жайларда қауіптілік туралы ескерту мақсатында орнатылады және улы газ датчикке енгенде, "дабыл" сигналы іске қосылады. Датчик "сигнализацияның" бір түрі ретінде қызмет етеді. Бұл тұрғындарға уақытында өздерін құтқару шараларын қабылдауға мүмкіндік береді, өйткені жазатайым оқиғалар көбінесе түнгі уақытта, тұрғындар ұйықтап жатқанда орын алады", - деп атап өтті ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Серік Амангелдин.
Датчиктердi орнатқаннан кейін тұрғындар оның жұмысын сақтауы керек, бастысы батареяларды ауыстыру кезінде және оның тұтастығына зақым келтірмеу керек.
Азаматтардың өлімін талдауға сәйкес, қаза тапқандардың негізгі пайызы улы газ келіп түскен жарықтары бар пештер пайдаланылған жеке тұрғын үйлерде орын алады.
Шығыс Қазақстанда улы газ датчиктері үлкен нәтиже берді. Соңғы үш жылда осы құрылғылардың 7 іске қосылуы тіркелді, нәтижесінде 30 адам, оның ішінде 23 бала құтқарылды.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі