Айырбастауға және қайтаруға жатпайтын тауарлар

Айырбастауға және қайтаруға жатпайтын тауарлар

Егер тауар қандай да бір себептермен тұтынушының көңілінен шықпаса «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» 2010 жылғы 4 мамырдағы №274-IV Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзім ішінде тиісті сападағы азық-түлік емес тауарды қайтаруға немесе айырбастауға құқығы бар

Заңның 30-бабына сәйкес егер егер тиісті сападағы азық-түліктік емес тауар пайдаланылмаса, оның тауарлық түрі, тұтынушылық қасиеттері, пломбалары, заттаңбалары, сондай-ақ тауарды сатып алу фактісін растайтын құжат сақталса, егер шартта неғұрлым ұзақ мерзім белгіленбесе сатушы (дайындаушы) оны айырбастауды немесе қайтаруды қамтамасыз етуге міндетті.

Алайда, заңнамада сатып алынған күннен бастап он төрт күнтізбелік күн ішінде айырбастауға немесе қайтаруға жатпайтын тиісті сападағы тауарлардың тізімі қарастырылған:

1) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар;

2) іш киім;

3) шұлық-ұйық бұйымдары;

4) жануарлар мен өсімдіктер;

5) метражды тауарлар, атап айтқанда барлық түрдегі талшықтардан жасалған маталар, трикотаж және гардин төсемі, жасанды үлбір, кілем бұйымдары, тоқыма емес материалдар, ленталар, шілтер, баулар, сымдар, баулар, кабельдер, линолеум, багет, пленкалар, клеенкалар;

6) ұялы байланыстың абоненттік құрылғысын қоспағанда

Тұтынушылар өздерінің тұтынушылық құқықтарын қорғау мәселелері бойынша ШҚО Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне хабарласа алады (Өскемен қ., Крылов к-сі, 114, телефон 8(7232)267207, эл. пошта: dzpp.vko@mti.gov.kz).

Өз құқықтарыңызды қорғаңыз және сауатты тұтынушы болыңыз!