Құтқарушылар ЖКО кезінде көмек көрсетті

Құтқарушылар ЖКО кезінде көмек көрсетті

Бүгін Өскеменде Абай даңғылы бойында жол-көлік оқиғасы орын алды. "Лада Гранта" және "Тойота Солара" маркалы екі автокөлік соқтығысып қалды. ​ Нәтижесінде "Лада Гранта" жүргізуші автокөлігінің салонында қысылып қалған. ​ Оқиға орнына ШҚО ТЖД Мамандандырылған жасағының қызметкерлері дереу жіберілді.​ ​ "Холматро" арнайы құралының көмегімен құтқарушылар жүргізушіні аяғының жарақатымен мұқият алып, оны жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырды.

ШҚО ТЖД қауіпсіздік шаралары мен жылдамдық режимін сақтауды еске салады. ТЖ туындаған жағдайда "112"қоңырау шалыңыз.