Қалада жол қиылыстарындағы жүктемені азайту үшін оң жақ төте бұрылыстарды қолдану тәжірибесінің тиімділігін көпшілік мойындап отыр

Қалада жол қиылыстарындағы жүктемені азайту үшін оң жақ төте бұрылыстарды қолдану тәжірибесінің тиімділігін көпшілік мойындап отыр

Үш жыл бұрын біз оң жақ төте бұрылыстар жасау бойынша бастаманы қолға алған едік. Осы уақыт ішінде бұл бастама айтарлықтай табысты болып, қозғалысты оңтайландыруға қол жеткіздік.
Бұрылыстар жасау бойынша жұмыстар 2022 жылы да жалғасын табады. Тізімді анықтау кезінде ең бірінші кезекте менің және қала әкімдігінің аккаунтында тұрғындар арасында жүргізілген сауалнаманың нәтижесі негізге алынды.
Бірінші кезеңде жоспарланған учаскелер:
✅Қазақстан к. - Қабанбай батыр к. (Қазақтелеком жағынан);
✅Мызы к. – Қазақстан к.;
✅Шәкәрім даңғ. – Абай даңғ. ("ЛНП" АЖҚС жағынан);
✅Жағалау - Қабанбай батыр;
✅Новаторов-Қабанбай батыр;
✅Қабанбай батыр-Новаторов;
✅Абай – Путевая к. (Защита жаққа бұрылыс);
✅Сол жағалау емханасынан шығар жол (Булатов емханасы) - Сәтпаев;
✅Өтепов к. – Сәтпаев даңғ.