Ұлан ауданында 15 бас жылқы құтқарылды

Ұлан ауданында 15 бас жылқы құтқарылды

2022 жылдың 26-шы қаңтар күні ШҚО ТЖД құтқарушыларына Ұлан ауданының шаруа қожалығынан көмек көрсету туралы өтініш түсті. Актөбе ауылында Ертіс өзеніндегі аралда жылқылар жайлылып, кейінен мұздың үстіне су жайылуы салдарынан өзеннің жағасына өз бетінше шыға алмаған. Бұл жағдайдың орын алуына қыстағы тұрақсыз ауа райы әсер етті. «Жылқылар мұздың үстіне әдеттегідей келіп жүрген, ал ол өте жұқа болғандықтан жағаға шыға алмай қалған»,-дейді ШҚО ТЖД жедел құтқару жасағының басшысы Игорь Лапенлавский.

Құтқарушылар көмекке келгенде жылқылар үрке қарады. Бірақта құтқарушылар арқандар мен жем-шөп қолдану арқылы бір-бірлеп жануарларды қауіпсіз жерлерге шығарды. Бұл процесті өткізу бірнеше сағатты алды.Соңғы минуттарда жылқылар құтқарушыларға сенім білдіріп, операция қауіпсіз аяқталды.Төтенше жағдай кезінде 112 нөмеріне хабарласыңыздар!

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі