«Өскемен қаласының құрылыс бөлімі» ММ «Нұрлы жол» шағын ауданындағы Қаныш Сәтбаев даңғылы ипотекалық тұрғын үй кредиттеу бағдарламасы шеңберінде сатудың басталғаны туралы хабарлайды

«Өскемен қаласының құрылыс бөлімі» ММ «Нұрлы жол» шағын ауданындағы Қаныш Сәтбаев даңғылы ипотекалық тұрғын үй кредиттеу бағдарламасы шеңберінде сатудың басталғаны туралы хабарлайды

«Өскемен қаласының құрылыс бөлімі» ММ «Нұрлы жол» шағын ауданындағы Қаныш Сәтбаев даңғылы бойындағы 52, 51, 50-позициялардағы 75 пәтерді тікелей сату арқылы және «7-20-25. Әрбір отбасы үшін тұрғын үй сатып алудың жаңа мүмкіндіктері» ипотекалық тұрғын үй кредиттеу бағдарламасы шеңберінде сатудың басталғаны туралы хабарлайды.

Пәтер түрлері:

- бір бөлмелі (42 пәтер) - 43,73 ш.м.-ден. 52,36 ш.м-ге. дейін;

- екі бөлмелі (29 пәтер) - 61,69 ш.м.-ден 70,27 ш.м.-ге дейін;

- үш бөлмелі пәтерлер (4 пәтер) – 84,05 ш.м.-ден 91,41 ш.м.-ге дейін.

Бір бөлмелі пәтерлердің 1 шаршы метрінің құны 275 000 (екі жүз жетпіс бес мың) теңге.

Екі және үш бөлмелі пәтерлердің 1 шаршы метрінің құны 295 000 (екі жүз тоқсан бес мың) теңге.

Конкурсқа қатысу үшін 7 желтоқсан сағат 09:00-ден 8 желтоқсан 18:30-ға дейін қағаз жеткізгіштегі барлық қажетті құжаттарды (өтініш, жеке куәліктің көшірмесі, тұрғылықты жерінің жоқтығы туралы анықтама (2-нысан), банкткен алдын ала мақұлдау анықтамасын немесе ақша қаражатының болуы туралы банк үзіндісі) Өскемен қ., Казақстан көш.,27, 1-кіреберіс «Өскемен қаласының құрылыс бөлімі» ММ мекенжайы бойынша ұсыну қажет.

* Өтініштер тек қағаз жүзінде қабылданады.

 

7-20-25 бағдарламасына қатысатын үміткерлер Бағдарламаның Үміткерлерге қойылатын талаптарымен танысып, Серіктес банктерге хабарласу арқылы кеңес ала алады: «Қазақстан Халық банкі» АҚ, «Банк ЦентрКредит» АҚ, «Сбербанк» АҚ ЕБ, «Еуразиялық Банк» АҚ, «АТФБанк» АҚ, «Jýsan Bank» АҚ, «Bank RBK» АҚ, «Forte Bank»АҚ хабарласып, кеңес алуға болады.