12 қазан күні 19 шағын ауданда Өскемен қаласы әкімінің коммуналдық сектор бойынша орынбасары Денис Федченконың азаматтарды жеке қабылдауы өтті. Сондай-ақ, іс-шараға қаланың ТКШ бөлімінің орынбасары Абзал Маулетханов қатысты.
Қабылдау барысында 20 шағын аудан тұрғындарынан бірқатар сұрақтар түсті. Атап айтқанда, автожолдардың сапасына және сумен жабдықтауға қосылуға қатысты. Су құбырына қосылу мәселесін қаланың құрылыс бөліміне қарау тапсырылды. ТҮКШ бөлімі тарапынан негізгі көшелерге қиыршық тас төсеу қамтамасыз етіледі..
Сондай-ақ, 19 шағын аудандағы аялдама кешендерінің жағдайы бақылауға алынады. Қажет болған жағдайда ағымдағы жөндеу жүргізіледі.