Өскемен гарнизонындағы қауіпсіздік айлығы

Өскемен гарнизонындағы қауіпсіздік айлығы

Өскемен гарнизоны әскери автокөлік полиция бөлімшесінің қызметкерлері полиция инспекторларымен бірлесіп «Назар сал, жаяу жүргінші» жол жүру қауіпсіздік айлығын өткізуде.
Іс-шара барысында әскери қалашықтарда орналасқан мектептердің маңындағы жаяу жүргінші жолақтарында және автокөлік тұрақтарында жол жүру қағидаларын бұзудың алдын алу үшін түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, Өскемен гарнизоны әскери бөлімдерінің барлық жеке құрамымен жаяу жүргіншілердің міндеттерін зерделеу бойынша сабақтар ұйымдастырылды.
– Айлық барысында гарнизондағы әскери автокөлік полиция бөлімшесімен арнайы даярлаған ақпараттық кітапшалар жаяу жүргіншілерге таратылды. Шараның мақсаты – жол ережесін сақтамау өз өміріне қандай қауіп төндіретінін түсіндіру, – дейді Өскемен гарнизоны Әскери полиция бөлімі әскери автокөлік полиция бөлімшесінің офицері аға лейтенант Алмаз Қоқаев.
«Назар сал, жаяу жүргінші» айлығы қыркүйек айының соңына дейін жалғасатын болады.

Өскемен гарнизонының баспасөз қызметі