Алматы облысында «Жер-2021» халықаралық командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды

Алматы облысында «Жер-2021» халықаралық командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды

2021 жылғы 21 қыркүйекте Алматы облысының Тамғалы Тас шатқалында Қапшағай қаласынан төмен «Жартасты қала-Астана» оқу – жаттығу полигонында Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін одан әрі жетілдіру, сондай-ақ жойқын жер сілкінісі туындаған кезде ТЖ жоюға азаматтық қорғаудың басқару органдарын, күштері мен құралдарын дайындау мақсатында «Жер-2021» халықаралық командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды.

Оқу-жаттығу тақырыбы: «Алматы облысындағы жойқын жер сілкінісі салдарынан туындаған төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің басқару органдарын, күштер мен құралдарын дайындау».

Оқу-жаттығу барысында Алматы облысындағы жойқын жер сілкінісінің қаупі және туындауы кезіне арналған міндеттерді орындауға АҚМЖ аумақтық және салалық кіші жүйесінің жұмыс істеу режимін жоғары әзірлік режиміне ауыстыру; жойқын жер сілкінісі қатері және туындауы кезінде ден қоюға АҚМЖ қабылдаған шараларының тиімділігі мен деңгейін арттыру; Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою кезінде азаматтық қорғаудың бағынысты күштері мен құралдарын басқару бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың іс-қимылдарының үйлесімдігі мен өзара іс-қимыл жасауын жетілдіру; құлақтандыру және байланыс жүйелер, АҚМЖ барлық деңгейдегі жедел кезекшілігін ұйымдастыруды, болжау және диспетчерлік қызметтердің жұмысын, мониторинг жүргізуді, материалдық-техникалық, азық-түлік және медициналық резервтерді қорларының құрылуын тексеру; төтенше жағдайларды жою, жойқын жер сілкінісін болжауды және туындауын есепке ала отырып эвакуациялық іс-шараларды және өзара іс-қимылдары жөніндегі іс-қимылдар жоспарларын нақтылау және түзету жүргізу; ТЖ алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссияның, эвакуациялық комиссияларының, жедел штабтар қызметтерінің және азаматтық қорғау құралымдарының жұмыстарын ұйымдастыру; ТМД елдерінің аумақтарында ірі ауқымды төтенше жағдайлар туындаған кезде мемлекетаралық өзара іс-қимылды жетілдіру; жойқын жер сілкінісі туындауы кезіндегі іс-қимылдарға халық түсіндіру жұмыстарын және оқытуды ұйымдастыру қарастырылады.

ҚР ТЖМ бапспасөз қызметі