Кездесу өтті

Кездесу өтті

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ 01.09.2021 ЖЫЛҒЫ «ХАЛЫҚ БІРЛІГІ ЖӘНЕ ЖҮЙЕЛІ РЕФОРМАЛАР – ЕЛ ӨРКЕНДЕУІНІҢ БЕРІК НЕГІЗІ» АТТЫ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫН ТҮСІНДІРУ МАҚСАТЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халықына Жолдауын түсіндіру мақсатында 15 қыркүйек күні Өскемен техникалық-экономикалық колледжінің оқытушылары және студенттерімен кездесу өткізілді.

Кездесуге «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» ЖҚ Шығыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы - Алмас Виленұлы Айтмұқаш қатысып, Жолдаудың негізгі бағыттары мен міндеттерін түсіндірді.

Студенттер тарапынан білім беру, адам құқықтарын қорғау және т. б. салаларға байланысты бірқатар сұрақтар қойылды.