Чемпион болып оянғандар

Чемпион болып оянғандар

2021 жылғы 5 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Қарағанды қаласында өткен өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Әлем чемпионаты  өз мәресіне жетті. Қазақстанның ерлер командасы жауынгерлік өрістету бойынша Әлем чемпиондары атанды. Біздің өңір чемпиондар арасында Өскеменнен Дмитрий Снегирев пен Семей қаласынан Ержан Шәріпхановтың болғандарына мақтан тұтады. Чемпион болып оянған қалай екендігін, біз олардың өздерінен сұрап білдік.

 

- Сіз өнер көрсеткен команда жауынгерлік өрістеуде әлем чемпионы болғанын түсінген кезде, өмірілеріңіз қалай өзгерді?

Снегирев: Сену қиын. Осының бәрі сенімен болып жатпаған сияқты сезімді сезінесін. Бірақ, осыған жету үшін біз көп күш-жігер жұмсағанымызды түсінемін. Барлығы әділ. Мен алдыма жаңа мақсаттар мен белестер қойдым.

Шәріпханов: Чемпионаттың қорытындысын шығаратын күні, дәл осы спорт түрі бойынша жеңімпаз болатынымызды алдын ала сездім. Командадағы барлық адамдарға алдын ала сезген «Жеңістің иісі» туралы айтқанмын. Менің өмірлік дүниетаным өзгерді және алға қойған мақсат-міндеттерім жаһандық сипатқа ие  болды.

 

- Қанша жыл болды спортта жүргеңізге? Бұл жолды қалай таңдадыңыз?

Снегирев: Мен 13 жасымнан бастап спортпен айналысамын, яғни 10 жыл болды. Досымның арқасында жаттығуға бардым, бірақ ол жарақатына байланысты өнер көрсетуді аяқтады,  ал мен күресуді әлі жалғастырып келемін.

Шәріпханов: Спортпен 17 жасымнан бастап, 10 жыл айналысып келемін. Жаттықтырушы мектепке келіп, мені шақырғаннан кейін, секцияға келдім. Бұл менің өмірімде болғанына қуаныштымын.

 

- Чемпиондарда қандай да бір дәстүр бар ма?

Снегирев: Жарыстан кейін жаттықтырушының суы бар сыйымдылыққа  дәстүрлі суға шомылуы.

Шәріпханов: Жарыс алдында ерте ұйықтаймын, бұл менің дәстүріме айналды. Мен барлық күш-жігер мен ойларымды алдағы күнге бағыттаймын.

 

- Спортшылардың қайсысына теңескіңіз келеді?

Снегирев: Ресей Федерациясының Владимир Сидоренко және біздің мақтанышымыз - Роман Вагнер сияқты спортшылардың биіктеріне жетуді қалаймын, мен оларға шын жүректен таңданамын.

Шарипханов: Владимир Сидоренко. Николай Буторин, әсіресе оның шабуыл сатысымен 4 қабаттың терезесіне лезде көтерілген кездегі көрсеткен көрсеткіштері.

 

- Ата-аналарыңыз осындай  травматикалық спорт түріне қалай қарайды?

Снегирев: Менің ата-анам чемпионаттар мен жарыстар өткен кезде эфирді қарамауға тырысады, тек  қана тыңдайды, өйткені құлаған немесе жарақат алған кезімді көрмеу үшін,  кетіп қалады, көздерін «жабады», бірақ осының бәрі үлкен алаңдаушылыққа байланысты.

Шәріпханов: Менің де ата-анам да эфирді қарамайды, бақыламайды. Олар эфир аяқталғаннан кейін, шыққан нәтижеге қызығушылық танытады. Бұрын жасөспірімдер атынан өнер көрсеткен кезде,  маған жанкүйер болу үшін жиі келетін.

 

Отбасыларыңыз туралы айтып берсеңіздер?

Снегирев: Менің әкем - жүргізуші, анам – тырнақ дизайнының шебері. Көптеген жылдар бойы өрт сөндіру және құтқару спорты мен жеңіл атлетикамен айналысқан, Глеб деген ағам бар. Мен спортшы болады деп ешкім ойлаған жоқ. Барлығы менің хирург болғанымды қалады.

Шәріпханов: Мен үйленгенбін, үш айлық қызым бар. Әйелім қазір декреттік демалыста, мамандығы бойынша психолог. Бос уақыт пайда болған кезде, бірден балама қарай жүгіремін және онымен көп уақыт өткіземін.

 

- Жаттығу болмаған кезде уақыттарыңызды қалай өткізесіздер?

Снегирев, Шәріпханов: Жаттығулар күн сайын өтеді. Демалыс тек жексенбі. Әр жаттығу кем дегенде 3,5 - 4 сағатқа созылады. Тырысып-талпыну керек. Бір күнді де босқа жібермеу.

Снегирев: Мен табиғатты жақсы көремін және бос уақытым болған кезде, достарыммен табиғат аясында  өткіземін. Киноға барамын.

Шәріпханов: Барлық бос уақытымды өз отбасыма жұмсауға тырысамын. Отбасым менің арқа сүйер тірегім.

 

- Жарыстарда қандай кедергі ең қиын болып келеді?

Снегирев, Шәріпханов: Кезеңдерден өту- бұл лотерея. Ешқашан білмейсің, қай уақытта жақсы өнер көрсетінді. Кейде жаттығу кезінде  жүз метрді «өте жақсы» еңсересін, ал жарыс күні,  тіпті сіз артта қалуыңыз мүмкін, кейде керісінше. Сіз ешқашан нақты қалай болатынын білмейсіз.

Снегирев: Маған командада ойын көрсету қиынырақ, жауапкершілік өте жоғары. Өзін «әәтсіздікке» ұшыраған кезде, тек өзіне ғана ренжисін,  ал командада, кем дегенде эмоционалдық тұрғыдан қиынырақ болып келеді.

Шәріпханов: Маған 4-тен 100 метрге эстафетадан өту қиынырақ. Төзімділік пен дәлдік, әсіресе командада өнер көрсеткен кезде керек.

 

-  Ұтылған жағдайда,  қалай өз-өзіне келіп,  әрі қарай жалғастыру қажет?

Снегирев: Ешқашан берілмеңіз. Егер сіздің басыңызда «бейберекетсіздік» болса, оның басын ашып алу керек.Тек өзіңе, өз күшіңе сену. Бір секундқа да күмәнданбаңыз. Сенің табысқа жетуін  тек өзіне байланысты. Қиын сәтте сен әрқашан күшті болуын керек.

Шәріпханов: Мен берілмеймін.

 

- Сіздің әдеттегі күніңіз қалай өтеді? 

Снегирев: Мен ерте тұрамын, кофе ішіп, жаттығуға жүгіремін.

Шәріпханов: Мен өте ерте тұрамын, таңғы асқа міндетті түрде сұлы ботқасын жеймін, баламмен  бірге болып  та үлгеремін, одан кейін  жаттығуға барамын.

 

- Чемпионның салмағы қанша?

Снегирев: 66 килограмм, қыста мен әдетте салмақ жинаймын.

Шәріпханов: Бойым 1 метр 73 см бола тұра, салмағым 61 килограмм.

 

- Егер спортшы болмасаңыздар, қан маман иесі болуды қалар едіңіздер?

 

Снегирев: Хирург. Бүкіл отбасым мені дәрігер ретінде көрді және оқудағы көрсеткіштер осы мамандыққа  қол жеткізуге болатындығын көрсетті.

Шәріпханов: Мен қазір дене шынықтыру факультетінде оқимын. Мен әрқашан жаттықтырушы болуды қалағам.

 

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі