Тұтынушылардың құқықтары

Тұтынушылардың құқықтары

Әр адам өз өмірінде мыңдаған түрлі затты сатып алады, сонымен қатар күн сайын қандай да бір сатып алу-сату мәмілесіне қатысамыз.

Тауарларды тұтынушы ретінде өз құқықтарын білмеу бөлшек саудадағы алақол қатысушылардың сатып алушының құқықтарын ескермеуіне, кейде өз клиенттерін саналы түрде алдау арқылы оларды әдейі бұзуға мүмкіндік береді.

Әрбір тұтынушыда оған адал қызмет көрсетуге кепілдік беретін, сонымен қатар оны сапасыз тауарлар мен қызметтерден қорғайтын заңмен бекітілген құқықтар тізімі бар.

«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-бабына сәйкес тұтынушылардың:

  • тауар (жұмыс, көрсетілетін қызмет) туралы, сондай-ақ сатушы (дайындаушы, орындаушы) туралы ақпарат алуға;
  • тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) тиісті сапасына;
  • тиісті де, тиісті емес те сападағы тауарды айырбастап алуға немесе қайтарып беруге;
  • сатушыдан (дайындаушыдан, орындаушыдан) тауарды сатып алу (жұмысты орындау, қызметті көрсету) фактісін растайтын құжатты алуға;
  • моральдық зиянды өтетуге;
  • құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға құқығы бар.

Сатып алушылардың құқықтарын бұзудың ең көп таралған жағдайлары тауарларды қайтару немесе айырбастау үрдісінде орын алуы мүмкін. Сонымен қатар, сапасыз тауарларға қарағанда сапалы тауарды қайтару немесе айырбастау қиынырақ екенін атап өткен жөн.

Заңның 14, 30 бабына сай сатып алушы сатып алғаннан кейін 14 күнтізбелік күн ішінде тиісті сападағы кез-келген азық-түлікке жатпайтын тауарларды қайтаруға немесе айырбастауға құқылы, ал сатушы оны қабылдауға міндетті. Тауарды қайтару немесе айырбастау кезінде сатып алушы тауардағы барлық пломбалары және заттаңбалары, сондай-ақ тауарды сатып алу фактісін растайтын құжатты ұсынуы тиіс.

Егер қандай да бір себептер бойынша сатып алушы тауарды сатып алу фактісін растайтын құжатты ұсына алмаса, онда сатып алу фактісін растау үшін сатып алушы куәлардың айғақтарына сілтеме жасай алады немесе сатып алу фактісін растайтын кез келген басқа әдістерді пайдалана алады.

Алайда, тиісті сападағы азық-түлікке жатпайтын тауарларды айырбастау немесе қайтару мүмкіндігі барлық өнімдерге қолданылмайды.

Айырбастауға және қайтаруға жатпайтын тауарлар: 1) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар; 2) іш киім; 3) шұлық-ұйық бұйымдары; 4) жануарлар мен өсімдіктер; 5) метрлеп сатылатын тауарлар, атап айтқанда, барлық түрдегі талшықтардан жасалған маталар, тоқыма және перделік кенеп мата, жасанды тері, кілем бұйымдары, тоқыма емес материалдар, ленталар, шілтер, таспа, сымдар, баулар, кәбілдер, линолеум, багет, пленка, клеенка; 6) ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы.

Егер сатып алушы сапасыз тауарды (яғни айқын немесе жасырын кемшіліктері бар тауарды) сатып алса, онда сатушы мұндай тауарды сатып алушыдан қабылдауға және сатып алушының қалауына байланысты тауар үшін төленген толық ақшалай соманы қайтаруға, тауарды өз қаражаты есебінен жөндеуге немесе дұрыс тауарға айырбастауға міндетті.

Тұтынушылар өздерінің тұтынушылық құқықтарын қорғау мәселелері бойынша ШҚО тұтынушылардың құқықтарын қорғау Департаментіне хабарласа алады (Өскемен қаласы, Буров көшесі, 20, телефон 8/7232/267207, эл.мекен-жайы: dzpp.vko@mti.gov.kz)

Сондай-ақ, кез-келген тұтынушы www.e-tutynushy.kz сайтына компьютер немесе мобильді қосымша арқылы кіріп, тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өз өтінішін жібере алатынына назарларыңызды аударғымыз келеді

Өз құқықтарыңызды қорғаңыз және сауатты тұтынушы болыңыз!