Орнату/қызмет көрсету
Тарифтер
Экономикалық тиімділік
ҚР 27.12.2018 ж. №204-VI «Табиғи монополиялар туралы» Заңына сәйкес реттелетін коммуналдық қызметтер көрсететін табиғи монополиялар субъектілері тұтынушыларға реттелетін коммуналдық қызметтерді есепке алу аспаптарын сатып алуға және орнатуға міндетті, ал реттелетін коммуналдық қызметтер көрсететін тұтынушылардың реттелетін коммуналдық қызметтерді есепке алу аспаптары болуы, жасалған шарттардың талаптарына сәйкес реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) есепке алу аспаптарын сатып алуға және орнатуға міндетті.
Жалпыүйлік жылу энергиясын есептеу құралы (бұдан әрі-ЖЕА) – бұл жылытуға және ыстық сумен қамтамасыз етуге жұмсалатын нақты тұтыну жылу энергиясын тіркейтін арнайы құрал. ЖЕА ғимараттың жылу кіретін орнына орнатылады және екі шығынөлшегіштен, екі термотүрлендіргіштен, жылудыесептегіштен, тиекті арматурадан, GPRS-модемнен тұрады. ЖЕА көрсеткіштерін алу қашықтықтан, «ӨК ЖЖ» АҚ бағдарламалық кешенінің GSM-модемінің көмегімен жүзеге асырылады.
ЖЕА орнатқаннан кейін тұрғындардың мүмкіндіктері болады:
- жылу тасымалдағыштың шығынын азайту есебінен жылу энергиясын үнемдеуге;
- сыртқы ауаның нақты температурасына байланысты жылыту кезеңінің ұзақтығын реттеуге (үйдің ішкі жылыту жүйесін бұрын қосуға және кейінірек ажыратуға, немесе, керісінше).
ЖЕА орнатқан тұрғын үйдің тұрғындары 12 ай бойы бекітілген нормалар бойынша төлеуден, ЖЕА тіркеген көрсеткіштерге сәйкес жылу энергиясын нақты тұтыну көрсеткіштеріне сәйкес төлеуге ауысады.
МАҢЫЗДЫ!!!
2019ж. ЖЕА төлемдер бойынша талдау көрсеткендей, үйлердің жылыту бойынша үнемдеуі 20% - дан 40% - ға дейін көрсеткішті құрады, орташа есеппен 28% (сондай-ақ, ЖЕА бар үйлерде жылыту маусымы 1 қыркүйекте басталып 31 мамырға дейін ұзартылуы мүмкін).
Тұрғындардың жалпы жиналысында ЖЕА орнату нұсқаларының бірін таңдай аласыз:
1.ЖЕА барлық тұрғындардан жиналған қаржы есебінен өз бетімен сатып алу және орнату. Бұл үшін есеп құралдарын орнатуға лицензиясы бар кез келген мамандандырылған монтаждау ұйымының өкілдерін шақыруға болады.
Орнату орнын тексеру және есептеу құралының типін, маркасын таңдау қорытындысы бойынша құны ұсынылады. Бұдан әрі, монтаждау ұйымы ЖЕА орнату және баптау, пайдалануға беру жүргізеді. Осы нұсқаны таңдаған кезде ЖЕА тұрғындардың меншігінде болады, сондықтан техникалық қызмет көрсету және тексеру туралы мәселе жалпы жиналыста шешіледі.
2.ЖЕА «ӨК ЖЖ»АҚ-ның қаражаты есебінен уәкілетті органмен келісілген (ШҚО бойынша ҰЭМ ТМРжБҚКД) құны бойынша (кіріс құбырларының диаметріне байланысты) қайтарымды негізде 6 және 12 ай ішінде бөліп-бөліп төлеу арқылы (немесе тараптардың келісімі бойынша) ай сайын пайдалануға берілген күннен бастап, келесі есеп айырысудан кейін келетін айдың 25-күніне дейін төлеу арқылы орнату. Бұл үшін, барлық пәтердің меншік иелерімен жеке шарт жасасу үшін, тұрғындардың жазбаша өтінішін және ЖЕА орнатуға келісімге қол қойылған жиналыстың хаттамасын ұсыну қажет.
Аспапты орнатудың бөліп төлеу құны (ҚҚС-мен):
32 мм диаметрдің мөлшері:
-ЖЕА сатып алу және орнату құнын орнатылған айдан кейін келетін айдың 25-күніне дейін күніне дейін төлегенде – 718 949 тг.;
- 6 айға бөліп төлеу арқылы төлегенде – 751 884 тг.;
-12 айға бөліп төлеу арқылы төлегенде – 784 818 тг.
50 мм диаметрдің мөлшері:
- жылу энергиясын сатып алу және орнату құнын орнатылған айдан кейін келетін айдың 25-күніне дейін күніне дейін төлегенде – 791 879 тг.;
-6 айға бөліп төлеу арқылы төлегенде – 828 153 тг.;
-12 айға бөліп төлеу арқылы төлегенде – 864 428 тг.
Сатып алынған және орнатылған ЖЕА есептесу Энергиямен жабдықтаушы ұйыммен ай сайын, жылу энергиясы үшін есептесу парағында жеке жолмен жүргізіледі. ЖЕА ортақ үлестік меншік құқығы Тұтынушыға тұтынушылардың Уәкілетті тұлғасы атынан ЖЕА пайдалануға енгізілген күннен бастап ауысады.
ОРНАТУ ҮШІН ТӨЛЕМ ҮЛГІСІ:
ЖЕА орнату (диаметрі 32 мм) 5 қабатты тұрғын үй алаңы 3500 м2, құны 784 800 тг. «ӨК ЖЖ» АҚ арқылы 12 айға бөліп-бөліп төлеу шығады:
Бөлме саны |
S, м2 |
Жылына төлем, тг |
Ай сайынғы төлем, тг |
Бір бөлмелі |
35 |
7848 |
654 |
Екі бөлмелі |
50 |
11211 |
935 |
Үш бөлмелі |
70 |
15696 |
1308 |
ЖЕА орнату (диаметрі 50 мм) 9 қабатты тұрғын үй алаңы 5200 м2, құны 864 400 тг. бөліп-бөліп төлеу 12 айға «ӨК ЖЖ» АҚ арқылы шығады:
Бөлме саны |
S, м2 |
Жылына төлем, тг |
Ай сайынғы төлем, тг |
Бір бөлмелі |
35 |
5818 |
485 |
Екі бөлмелі |
50 |
8311 |
692 |
Үш бөлмелі |
70 |
11636 |
969 |
Дифференциалды тарифтің қолдануына байланысты, жылумен жабдықтау қызметі үшін төлем 01.02.2021 бастап 31.12.2022жж. дейін құрайды (ҚҚС-мен):
№ |
Тұтынушылар санаты |
Жылыту теңге 1м2 жылына |
ЫСҚ теңге 1 ад. айына |
ЫСҚ теңге 1 м3 |
1 |
*Жылу энергиясын есептеу аспабымен жарақталған үйлердегі тұрғындар үшін |
*429,72 |
*355,23 |
*143,47 |
2 |
Жылу энергиясын есептеу аспабымен жарақталмаған үйлердегі тұрғындар үшін |
872,52 |
705,8 |
285,16 |
3 |
Жылу энергиясын есептеу аспабымен жарақталмаған, орнатуға техникалық мүмкіндіктер жоқ үйлердегі тұрғындар үшін |
727,1 |
588,17 |
237,63 |
* 1-ші санаттағы тұтынушылар үшін төлем мөлшері ЖЕА әрбір есептесу айында жылутасымалдағыштың нақты температурасын есепке ала отырып, жылыту мен ыстық сумен қамтуға қажетті жылу энергиясының санына байланысты болады. Кестеде есептеу қала бойынша орта есеппен орындалды.
ЖЕА қазіргі уақытта орнатуға техникалық мүмкіндігі жоқ үйлерге ЖЕА орнату жылумен жабдықтау жүйесіне жаңғырту жүргізілгеннен кейін, кеңесті «ӨК ЖЖ» АҚ-нан, М.Горький к-сі, 61, №112 каб. мекенжайы бойынша хабарласып, алуға болады. тел. 701-722 іш. 5390, 5392, 5394.
ЖЕА тексеруді өткізу
Тексеру кезеңділігін бастапқы тексеру кезінде дайындаушы зауыт және Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы немесе келесі тексерулер кезінде басқа метрологиялық қызмет төрт жылда бір рет белгілейді. ЕА барлық жиынтығын тексеру құны орта есеппен 70000-нан 80000 теңгеге дейін. Өскемен қаласында. ӨҚ техникалық қызмет көрсету құны орта есеппен 6000-нан 10000 теңгеге дейін. айына жүргізілетін жұмыс түріне байланысты.
Аспаптарды тексерумен жылуды есептеу аспаптарын тексеруді жүргізуге аккредитациясы бар кез келген мамандандырылған монтаждау ұйымы айналысады.
Есептеу құралын орнату бойынша ақпарат:
тел.701-722 іш. 5390, 5394