Өскемендік жігіт құтқару операциясын жүргізді

Өскемендік жігіт құтқару операциясын жүргізді

Көмек сұрап айқайлаған дауысты естіген кезде  Виктор Землянухин туыстарымен бірге "Ермак" бау-бақша қоғамы ауданындағы саяжайда, оның учаскесінің жанында орналасқан су қоймасынан болған. Жігіт дереу су жағасына келіп жетті, ол жерде бірнеше адам суда жүзе алмағандықтарына не істерлерін білмей абдырап тұрғын екен. Олардың сөзінше 14 жасар қыз суға батып кеткен деді. Жылдам әрекет ету керек болды.
"Мен суға сүңгіп кеттім, алайда бірінші рет сәтсіз болды, су түбі лай еді, түк көре алмадым. Екінші рет ауа жұтып алып сүңгіген кезде қызды көрп қалдым да су бетіне итеріп, жағаға сүйрей бастадым. Сол жердежасанды тыныс алдырып, жүрекке массаж жасай бастадым. Анам Землянухина Элла мені алмастырып жедел жәрдем келгенше жедел көмекті жалғастыра бердік» -деп айтып берді Виктор.
Апат болған су қоймасы өте қауіпті болды, көптеген иірімдері мен түбі борпылдақ батпақ еді.
Қазір қыздың өміріне қауіп жоқ. Виктор өзін батырмын деп санамайды.
ШҚО ТЖД суға шомылу үшін қауіпсіз және жабдықталған орындарды таңдау қажеттігін еске салады.
Төтенше жағдай кезінде 112 нөмірі бойынша хабарлаңыз.