Механикаландырылған бригада базасында Өскемен гарнизоны бөлімшелерінің психологтарымен нұсқаулық-әдістемелік жиын өткізілді.
Жиынның негізгі мақсаты – әскери қызметшілердің түрлі санаттарымен психологиялық жұмыстың нысандары мен әдістерін оқыту болып табылады. Психологиялық жұмыс бейбіт уақыттағы тәрбие жұмысының жүйесі мен жауынгерлік қызметті моральдық-психологиялық қамтамасыз етудің құрамдас бөлігі болып табылады. Жиынға әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмыс жөніндегі қызметтің өкілдері және батальон, рота командирлерінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасарлары қатысты.
Гарнизонның офицер-психологтары капитан Әлия Лакова, лейтенант Анастасия Сакович мерзімді қызметтегі сарбаздармен, келісімшарт бойынша әскери қызметшілермен және офицерлермен психологиялық жұмысты ұйымдастыру тәжірибесімен бөлісті.
Өскемен гарнизонының баспасөз қызметі