Әлеуметтік мәселелер басты назарда

Әлеуметтік мәселелер басты назарда

Өскемен гарнизонында механикаландырылған бригададағы әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру қызметі психологтарымен бірлесіп арнайы тренинг өткізді. 

Тренингке әскери кызметшілердің жұбайлары қатысты. Шараның басты мақсаты - отбасында ұрыс-керістің алдын алу, оны болдырмаумен шешу жолдарын қарастыру. Қатысушыларға әңгімелесу және сұрақ-жауап әдістерін қолдана отырып қызықты жаттығулар ұйымдастырылды.

  • Іс-шара психологиялық тұрғыда әскери қызметшілер мен олардың отбасыларына моральдық қолдау көрсету және отбасындағы әртүрлі әлеуметтік мәселелерді шешуге тиімді ықпал ететіні сөзсіз, - дейді әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру қызметінің жетекшісі Ләззат Дошманова.

 Айта кетейік, әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру қызметі көп балалы және мүмкіндігі шектеулі балалар тәрбиелеп отырған отбасыларға да қол ұштарын беріп, үнемі көмек көрсетуде.

Өскемен гарнизонының баспасөз қызметі