«Өскемен қаласының қоғамдық көлігінде (таксиден басқа) берілетін жол жүру жеңілдігі туралы» қалалық мәслихат шешімінің және Өскемен қаласы әкімдігінің қаулысының жобасына пресс-релиз

 «Өскемен қаласының қоғамдық көлігінде (таксиден басқа) берілетін жол жүру жеңілдігі туралы» қалалық мәслихат шешімінің және Өскемен қаласы әкімдігінің қаулысының жобасына пресс-релиз

Жоғарыда көрсетілген қалалық мәслихат шешімінің және Өскемен қаласы әкімдігі қаулысының жобасымен Өскемен қаласының қоғамдық көліктерінде (таксиден басқа) азаматтардың жекелеген санаттарына жол ақысын төлеу бойынша жеңілдік белгіленеді.

Бұл жоба Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 22 ақпандағы № 255 «Әлеуметтік қорғалмаған білім алушылар мен күнкөрісі төмен отбасылардан шыққан білім алушыларға қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты жұмсау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысын орындау мақсатында әзірленді.

Аталған жобаны қабылдау азаматтардың жеңілдігі бар санаттарын тасымалдаумен байланысты тасымалдаушылардың шығындарын өтеу бойынша шығыстарын қаржыландыру үшін қажет.

Сондай-ақ жобамен Өскемен қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 22 қаңтардағы № 235 қаулысының және Өскемен қалалық мәслихатының 2021 жылғы  22 қаңтардағы № 2/4-VII «Өскемен қаласының қоғамдық көлігінде (таксиден басқа) азаматтардың жекелеген санаттарының жол ақысын төлеу бойынша жеңілдіктерді белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8387 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылады.

Қалалық мәслихат шешімінің және Өскемен қаласы әкімдігінің «Өскемен қаласының қоғамдық көлігінде (таксиден басқа) берілетін жол жүру жеңілдігі туралы» қаулысының жобасы «Электрондық үкімет» порталында ашық НҚА бөлімінде орналасқан https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=10125994