Спорт – денсаулық кепілі

Спорт – денсаулық кепілі

Спорттың адам өмірінде, жалпы қоғамда алатын орны зор. Спортпен айналысқан адам тек шымыр болып қана қоймай, денсаулығы мықты, сымбатты болары анық. Осындай мақсатта механикаландырылған бригаданың жеке құрамы кроссфит жаттығуларын орындады.
Әскерде шыныққандар қандай қиындықтарға болсын шыдайтыны және жаттығуда барынша ширақ қимылдайтыны сөзсіз. Ал әскери қызметші мен спорт ажырамас ұғым.
- Жауынгерлік қызмет атқаратын әскерилердің дене дайындығы үнемі басты назарда. Бригаданың жеке құрамымен спорттық жұмыстар кезінде армиялық жекпе-жек ұрысының тәсілдері және кроссфит жаттығулары өткізіледі, - деді дене дайындығы және спорт қызметінің бастығы лейтенант Алмас Айдарханов.
Кроссфит жаттығулары – денешынықтыру жаттығуларының бірнеше түрлерінің жиынтығы. Ол әскери қызметшілердің жылдамдығын, шыдамдылығын, төзімділігін және күштерін арттыруға негізделген.

Өскемен гарнизонының баспасөз қызметі