Қауіпсіздік басты назарда

Қауіпсіздік басты назарда

Өскемен қаласы ТЖ басқармасының қызметкерлері "ШҚО ТЖД ӨСжАҚЖҚ" ММ құтқарушыларымен бірлесіп ҚР Ұлттық ұланы 5518 әскери бөлімінің взвод командирлерімен және жеке құрамымен қала тұрғындары арасында түсіндіру сұхбатын ұйымдастыру және шомылу және өрт қауіпті кезеңдерде қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ патрульдеуді жүзеге асыру кезінде зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша тақырыптық материалдарды табыстау мақсатында нұсқама өткізді. Аталған іс-шара барысында Ұлттық ұлан қызметкерлеріне жаяу патрульді су айдындарындағы көпшілік демалатын орындарға барынша жақындату ұсынылды.  Төтенше жағдайлар Басқармасының бастамашылығымен Ұлттық Гвардияның әскери қызметшілері суайдындардың жанында күшейтілген режимде кезекшілік ететін болады.

Өскемен қ. ТЖ Басқармасының ақпараты