Өскеменде су қоймасында 3 ер адам құтқарылды

Өскеменде су қоймасында 3 ер адам құтқарылды

06 мамырда 23 сағат 39 минутта ШҚО ТЖД-ға Өскеменде Аблакетка айлағы ауданында қайықта үш ер адам жоғалғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына дереу ШҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағының бөлімшесі шықты.  Оқиға орнына жеткен құтқарушылар төңкерілген резеңке қайықты және 1986, 1989, 1990 жылы туылған үш адамды судан тауып алды. Сондай - ақ, катер мен "SUNRISE" резиденциясының жанында орналасқан қызметкер Эдуард Лискаускас көмекке келді, ол "Жолбарыс-Күзет" күзет агенттігінің күзетшісі Талғат Дарубаевпен бірге зардап шеккендерді құтқарушылармен бірге жағаға шығарды. Осыдан кейін ШҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері төңкерілген қайықты жағаға жеткізді. Апат қарапайым қауіпсіздік шараларын бұзу салдарынан орын алды, 2 адамға арналған қайыққа шамадан тыс жүктелгендік, сондықтан ол суға аударылып қалған, ал ондағы үш ер адам құтқару жилеттерінсіз болған.

ШҚО ТЖД су айдындарындағы қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды еске салады.  Қайықпен серуен құрған кезде  құтқару жилеті мен шеңбер болу керек және  оған шамадан тыс жүк артпаңыз. Түнгі уақытта жүзу құралдарына шығуға болмайды.    Шағын кемені басқара отырып, оны мас күйінде басқаруға қатаң тыйым салынады.  

Төтенше жағдай кезінде дереу 112 нөміріне хабарлаңыз.  

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі