Шағын өрт сөндіру автокөлігі отты сөндіруде

Шағын өрт сөндіру автокөлігі отты сөндіруде

Қауіпті өрт алауларымен күресу үшін ШҚО ТЖД құтқарушылары Нива базасындағы АПС ВИС 2946 үлгісіндегі арнайы мобильді өрт сөндіру автокөлігін пайдаланады. Өңірде өрт қауіпті кезең басталғаннан бастап өртті абайсыз пайдалану нәтижесінде жанған шөптерді сөндіруге шығулар тәулігіне 25 реттен астам шығуларды құрайды. Өрттің таралуына жол бермеу үшін құтқарушылар саяжай қоғамдарын ықшам автокөлікпен аралап, өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзған өрт алауын байқап, оны дереу сөндіреді. Бұл көліктің ыңғайлығы - көлік маневрлі және өрттің ерте сатысында  пайдалану өте тиімді болып табылатын жоғары қысымды сөндіру қондырысымен  қоса, 250 литр су сыйымдылығы бар.

Қала сыртындағы жазғы үй тұрғындары мен жеке үйлердің тұрғындары құрғақ шөп пен тұрмыстық қоқыстардан арылуға асығып, жағдайды өртке дейін әкеледі, сондықтан   жанудың алдын-алудың осы тәсілі өте өзекті болып табылады. Бақыланбайтын жанулар жаппай сипатқа ие. Кейбір жағдайларда  құрғақ өсімдіктер мен қоқыстармен қоса, үйлер және шаруашылық құрылыстар да  жанып кетеді.

Тұрғындар құлаған жапырақтарды, құрғақ шөптерді, ағаштар мен бұталардың бөлшектерін, ыдыстарды, құрылыс материалдарын және басқа да өндірістік және тұтыну қалдықтарын өртеуге тыйым салынғандығын біліп, есте сақтаулары қажет. Өрт қауіпсіздігін бұзғаны үшін жауапкершілік «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 336-бабында бекітілген. Өрт қауіпті қезеңі басталғаннан бастап жоғарыда аталған бапты бұзған 57 азамат  әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Құрғақ шөпті жағумен қүресудің жалғыз тиімді әдісі болып олардың алдын алу табылады, ал бұл азаматтар тарапынан ұйымдасқан және саналы іс-әрекеттерді және барынша жауапкершілікті, сақтықты талап етеді.

Сондай-ақ, облыстың орталық саяжай қоғамдарына жүргізілген рейдтің нәтижесінде  Өскемен қаласының ТЖБ қызметкерлерімен  тек 1,5 сағат ішінде әкімшілік жауапкершілікке 7 азамат тартылды және олардың өрт қауіпсіздік талаптарын бұзушылықпен жаққан от алаулары жойылды.

 Өз үйлерінің жанында, үй маңындағы және саяжай учаскелерінде тазалық орнатуға ұмтылған барлық азаматтарға құтқарушылар ескертеді:

- үйдің айналасындағы құрғақ шөптер мен қоқыстарды тазалаңыз, бірақ ешқандай жағдайда жағу әдісімен емес;

- отты пайдалану кезінде ерекше сақ болыңыз;

- егер сіз құрғақ шөптің жанғаның  байқасаңыз - тоқтап, шаралар қабылдаңыз.

ШҚО ТЖД Баспасөз қызметі