Құтқарушылар шұңқырға түскен сиырға көмектесті

Құтқарушылар шұңқырға түскен сиырға көмектесті

14 сәуірде 13 сағат 40 минутта Күршім ауданындағы Құйған ауылында сиыр жол шетіндегі шұңқырға түсіп кетті. Жануарға көмекке жедел түрде жергілікті құтқарушылар келіп жетті, олар альпинистік жарақтың көмегімен жануарды алып шықты. Бұл Шығыс Қазақстандағы жануардың оқиға кейіпкері болған 3 оқиға.

ШҚО ТЖД мамандарының айтуынша 2021 жылдың басынан бері өңірде құтқарушылар жедел жағдайға тап болған 23 жануарға көмектескен.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі