Өскемен қаласының мониторингтік топтары белгіленген шектеулерді сақтау тұрғысынан...

Өскемен қаласының мониторингтік топтары белгіленген шектеулерді сақтау тұрғысынан...

Өскемен қаласының мониторингтік топтары белгіленген шектеулерді сақтау тұрғысынан (қоғамдық көлікте, дүкендерде, дәріханаларда, көңіл көтеру орындарында және т.б.) күнделікті рейдтік іс-шараларды жалғастыруда.

14 сәуір мониторингтік іс-шаралар барысында 319 объект қамтылды, облыстың бас санитарлық дәрігері белгілеген шектеу режимінің бұзылуының 21 фактісі тіркелді.

Сонымен қатар, бұрын анықталған бұзушылықтар бойынша айыппұл салынды, азық-түлік емес және азық-түлік дүкендерінде сатушылар медициналық маскасыз болды. Жоғарыда көрсетілген бұзушылыққа салынған айыппұлдың жалпы сомасы 218 775 теңгені құрайды.

Барлық шағын және орта бизнес өкілдерін, сондай-ақ қала тұрғындарын ШҚО бас санитарлық дәрігерінің қаулысымен белгіленген санитарлық нормаларды сақтауға шақырамыз.