ШҚО ТЖД мен Шығыс Қазақстан облысының Кәсіпкерлер Палатасы мемлекеттік өрт бақылау және азаматтық қорғаныс саласында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Мақсаты өзара іс-қимыл орнату және тәжірибе, идеялар, ақпарат және технологиялар, әдістемелік материалдар алмасу үшін қолайлы жағдайлар жасау, келісілген басым бағыттар, бағдарламалар мен жобалар шеңберінде бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру болып табылады. ШҚО ТЖД басшылығы меморандумға бастамашы болды, ол ұйымдармен өзге мемлекеттік органдармен өзара әрекеттесуге ерекше назар аударады.
Өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою-Мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыру шараларының бірі.
Тараптар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша бірлескен іс-шаралар өткізу, қолданыстағы заңнаманы жетілдіру жөнінде сындарлы ұсыныстар енгізу, өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныс саласындағы заңдылықты бұзушылықтарды, осы бұзушылықтарға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою жөнінде бірлесіп шаралар қабылдау жоспарында ынтымақтастықты дамытуға ниеттенеді.
Меморандум шеңберінде мемлекеттік органдардың, бизнес-қоғамдастықтардың және кәсіпкерлердің өкілдерін тарта отырып, тұрақты негізде бірлескен кездесулер, «дөңгелек үстел» отырыстары өткізілетін болады.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі