«Тәуелсіздік – жыр басы» атты облыстық жас ақындар айтысы мен Мүшәйрасын

«Тәуелсіздік – жыр басы» атты облыстық жас ақындар  айтысы мен Мүшәйрасын

Өскемен қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі 2021 жылдың 19 наурыз күні сағат 14.00-де Металлургтер мәдениет сарайында Қазақстан Республикасының 30 жылдығын мерекелеу аясында, Ұлыстың Ұлы күні - әз Наурыз қарсаңында және «Нұрлы көш» мемлекеттік бағдарламасы негізінде құрылған Шығыс ауылының 10 жылдығына орай «Тәуелсіздік – жыр басы» атты облыстық жас ақындар айтысы мен Мүшәйрасын қалалық мәдениет бөлімінің Facebook парақшасы және «Өскемен Мәдениет» YouTube желісінде тікелей көрсетілім арқылы өткізілді.

         Іс-шара жоспарына сәйкес айтыста 6 жұп (12 ақын) және Мүшәйрадан іріктелген 10 ақын өз өнерлерін ортаға салды. 6 жұптың ортасында Мүшәйра жүлдегерлері ережеге сай Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына және Шығысауылының 10 жылдыңына арналған өлеңдерін оқыды.

Айтыстың қорытындысы бойынша, қазылар алқасының бірауызды шешімімен басым ұпаймен БАС ЖҮЛДЕ-ні​ Серік Қуанған (Ұланауданы), 1 орынды Дәурен Сембай (Тарбағатай ауданы), 2 орынды Ардабек Ақбаба (Зайсан ауданы), 3 орынды Маратбекова Жұлдызай (Өскемен қаласы) иеленді. Белсене қатысқан 8 айтыскер ақынға алғыс хаттармен ынталандыру сыйлықтары табысталды.

Қазылар мүшесінің шешімімен Мүшәйра ақындары мынадай жүлделерге ие болды:
         БАС ЖҮЛДЕ Данагүл Исахулга (Өскемен қаласы), 1 орын Жасұлан Мақаевқа (Семей қаласы), 2 орын Асқарбеков Жақсылық (Семей қаласы) және Елсінбек Бақжанға (Өскемен қаласы), 3 орын Жаңабаев Естай (Өскемен қаласы), Дүргінбай Қызырбек (Өскемен қаласы) және Кеңесхан Роллан (Тарбағатай ауданы).​ Белсене қатысқан Башай Таңнұрға (Өскемен қаласы), Темірлан Темірбайға (Семей қаласы) және Қожаева Балаусаға (Өскемен қаласы)​ алғыс хаттармен ынталандыру сыйлықтары берілді.