«Тірі болсам, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын!» (Әлихан Бөкейхан) атты халықаралық ғылыми конференция өткізілді

«Тірі болсам, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын!» (Әлихан Бөкейхан) атты халықаралық ғылыми конференция өткізілді

2-наурыз күні  Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «Алаш» ұлт-азаттық қозғалысының  көсемі, қазақтың тұңғыш саяси партиясын  құрушы, Алашорда автономиялық үкіметінің  төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы Әлихан Бөкейханның 155 жылдығына арналған «Тірі болсам, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын!»  атты халықаралық ғылыми конференция (ZООM  платформасында) өтті.

Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен Оралхан Бөкей атындағы кітапхана бірлесе өткізген ауқымды шараға  Қазақстан, Түркия және Ресей елдерінің жоғары оқу орындарының алаштанушы, әлихантанушы тарихшы-ғалымдары қатысты.

ZOOM үлгісінде өткен алқалы жиынға Қазақстан, Ресей, Түркия елдерінің алаштанушы, әлихантанушы ғалымдары қатысып, Әлихан Бөкейхан және Алаш қозғалысының азаттық жолындағы күрес-қызметі туралы ғылыми зерттеу еңбектерін ортаға салды.

Алқалы жиынды Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар алғы сөзімен ашты. Осыдан кейін Әлихан Бөкейханның Тәуелсіздік жолындағы  қызмет-күресі хақындағы ғылыми-зерттеулерге кезек берілді. Тарихшы ғалымдар Алаш көсемінің  қайраткерлігі хақында жан-жақты деректер келтіре отырып, келелі ойларымен бөлісті.