Өскемен қаласының мониторингтік топтары белгіленген шектеулерді сақтау тұрғысынан күнделікті рейдтік іс-шараларды жалғастыруда

Өскемен қаласының мониторингтік топтары белгіленген шектеулерді сақтау тұрғысынан күнделікті рейдтік іс-шараларды жалғастыруда

1 наурызда мониторингтік іс-шаралар барысында 255 объект қамтылды, облыстың бас санитарлық дәрігері белгілеген шектеу режимін бұзудың 8 фактісі тіркелді.

Сонымен қатар, бұрын анықталған бұзушылықтар бойынша айыппұл салынды, азық-түлік емес және азық-түлік дүкендерінде сатушылар медициналық маскасыз болды. Жоғарыда көрсетілген бұзушылыққа салынған айыппұлдың жалпы сомасы 175 020 теңгені құрайды.

Барлық шағын және орта бизнес өкілдерін, сондай-ақ қала тұрғындарын ШҚО бас санитарлық дәрігерінің қаулысымен белгіленген санитарлық нормаларды сақтауға шақырамыз.