Спорттық робототехника бойынша «RobotTime» қалалық чемпионаты

Спорттық робототехника бойынша «RobotTime» қалалық чемпионаты

2021 жылдың 24 - 26 ақпан аралығында № 46 орта мектеп базасында «Smart Еducation - Өскемен 2021» ІТ форумы аясында спорттық робототехникадан «RobotTime» қалалық чемпионаты өткізілді.

Қала мектептерінің 5 - 7 сыныптарының 100 - ден астам оқушысы «Кегельринг», «Желі бойынша жарыс» және «Робосумо» аталымдары бойынша жеңімпаз атану үшін күресті.

Чемпионат қорытындысы бойынша орындар келесідей бөлінді:

1 жалпыкомандалық орынды Меновной орта мектебінің командасы,

2 орынды № 46  орта мектебінің командасы,

3 орынды № 44 лицейінің  командасы алды.