«Ұшқыр ой алаңы»  республикалық дебат турнирі аясында Өскемен қаласы мектептерінің базасында дебат клубтары құрылды

«Ұшқыр ой алаңы»  республикалық дебат турнирі аясында Өскемен қаласы мектептерінің базасында дебат клубтары құрылды

Мақсаты: білім алушылардың бойында азаматтық ұстанымды, Өз және қоғам алдында өз іс-әрекеттері үшін жауапкершілікті қалыптастыру, елде байқалатын өзекті жағдайларды талдау және жария талқылау арқылы шығармашылық және сыни ойлау қабілетін дамыту.

2020 жылдың желтоқсан айында дебат клубтарының жұмысын үйлестіру үшін Өскемен қаласында дебат қозғалысының штабы құрылды. Аталған штабты № 1 орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеушісі Мәуітхан Лаззат басқарады, сондай-ақ штабқа тәжірибелі дебатшылар кіреді: Шәріпханов Тоқтар (№47 мектеп), Бақытжанұлы Қуаныш (№44 мектеп), Октябрь Биназар (№42 мектеп).

2021 жылдың қаңтар айында қала мектептерінің дебат клубтарының басшылары, оқушылар үшін "американдық пікірсайыс форматы"дебатын өткізудің жаңа форматының ережелерін зерделеу бойынша семинарлар ұйымдастырылды.

Сондай-ақ, 2021 жылдың қаңтарында пікірсайыс клубтарының паспортталуы өтті.

Қамту: 40 дебат клубында - 360 оқушы.

Қаңтар айында қала мектептерінде онлайн режимінде қалалық турға оқушыларды іріктеу үшін іріктеу турлары өтті.

2021 жылдың ақпан айында алғашқы мектепішілік жаттығу дебат ойындары өтті. Дебат ойындары 12 мектепте өтті (қазақ тілінде № 16,43,44,46,47,49; орыс тілінде № 5,6,7,8,9,29 мектептерде), қатысушылар: 8-10 сыныптардың 72 оқушысы.

2021 жылдың 17 наурызынан 19 мамырына дейін мектепаралық турнирлер өтеді.

Пікір сайыс қозғалысының қатысушылары таңдаған тақырыптар-Қазақстан экономикасының, әлеуметтік саласының дамуының өзекті мәселелері мен перспективалары.