Жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалдау құқығын сату бойынша аукцион өткізілетіні туралы хабарламаны

Жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалдау құқығын сату бойынша аукцион өткізілетіні туралы хабарламаны

«Өскемен қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2021 жылғы 12 ақпандағы күні сағат 10.00-де Өскемен қаласы, А.Чехов көшесі, 33 мекенжайы бойынша сауда-саттықтың ағылшын тәсілімен жер учаскесіне жеке меншік құқығын және жер учаскесін жалдау құқығын сату бойынша аукцион өткізеді:

Жер учаскесін мерзімі 5 (бес) жылға жалға алу құқығы:

  1. Абай даңғылында, № 213/1 учаскенің маңында жануарларға арналған баспананы жобалау, салу және орналастыру үшін ауданы 0,2 га, бастапқы бағасы 715000 тг., жалдау 33814 тг/жыл.

Аукционға қатысу үшін кепілдік жарна сауда-саттық объектісінің бастапқы (минималды) бағасынан 5 пайызды құрайды, бірақ 50 айлық есептік көрсеткіштен кем болмауы керек.

Ауыртпалықтар (шектеулер): инженерлік коммуникациялардың қорғау аймақтарын сақтау және оларды жөндеу мен қызмет көрсету үшін кедергісіз кіру мүмкіндігін беру.

Сауда-саттықтың ағылшын тәсілі бойынша аукцион өткізу шарттары:

аукционшы объектінің бастапқы бағасын және бағаның ұлғаю қадамын хабарлайды. Сауда-саттыққа қатысушылардың нөмірді көтеруі бастапқы бағаны өсіреді, бірақ ол хабарланған қадамнан кем болмауы керек. Аукционшы объект бойынша аукционға қатысушылардың аукциондық нөмірлерін хабарлайды, бағаны бекітеді және оны өсіруді ұсынады. Аукционшы объект үшін неғұрлым жоғары баға ұсынған қатысушыны хабарлайды да, объектінің соңғы бағасын үш рет қайталайды және басқа көтерілген нөмірлер болмаған кезде балға соғу арқылы аталған объектінің сатылғаны туралы хабарлайды. Егер объект бойынша сауда-саттықта қатысушылардың саны екіден кем болмаса, сауда-саттық өткізілді деп есептеледі.

Жер учаскелерін сату шарттары: нысаналы мақсатына сәйкес пайдалану, Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 92-94-баптарының нормаларына сәйкес пайдалану, объектіні жобалау үшін сәулеттік-жайғастыру тапсырмасын алу, жер салығын уақытылы төлеу (жал төлемі).

Сауда-саттықта анықталған учаскенің құны 50 % мөлшерінде аванстық төлем түрінде сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап 5 (бес) банк күнінен кешіктірілмей төленеді, ал қалған сома сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей енгізілуі тиіс.

Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін аукционға қатысуға өтініш; тұлғасын куәландыратын құжат; кепілдік жарна енгізілгенін растайтын төлем құжаты; өкілдің өкілеттігін куәландыратын құжат ұсынылуы қажет.

Жер учаскесін сатып алу-сату (немесе жалға алу) шарты хаттама негізінде екі жұмыс күні ішінде жасасылады.

Аукционды ұтып алған және сатып алу-сату шартын жасасқан тұлғаның кепілдік жарнасы сатып алу-сату шарты бойынша төленетін төлемдердің есебіне жатады. Кепілдік жарна әр объект бойынша жеке енгізіледі.

Кепілдік жарна «Өскемен қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің депозиттік шотына енгізіледі: БСН 000440004303, БСК ККМFKZ2A, «ҚР ҚМ-нің Қазынашылық комитеті» мемлекеттік мекемесі. Депозит шотының нөмірі: KZ340705034861501006. БК 16, ТМК 171.

Аукционға қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап «Өскемен қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі, Өскемен қаласы, А.Чехов көшесі, 33, № 25 кабинет мекенжайында жүргізіледі және аукцион басталуына 24 (жиырма төрт) сағат қалғанда аяқталады. Қосымша ақпарат пен анықтамалар алу үшін телефон нөмірі: 8 (7232) 26-34-64.