«ANTIKOR LIVE» жобасы аясында «Шығыс – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі «Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша қабылданып жатқан шаралар» тақырыбында тікелей эфир ұйымдастырды.
Тікелей эфир барысында орталықтың негізгі мақсаттары мен міндеттері, қалада мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асырудың 2021 жылға арналған жоспарлары айтылды.
Барлық шаралар жастар ортасында әлеуметтік тұрақтылықты сақтауға, оқытуға, нәтижелі жұмыспен қамтуға, патриоттық тәрбие беруге, дәстүрлі құндылықтарды нығайтуға, қылмыстың алдын алуға және әлеуметтендіру бойынша түрлі санаттағы іс-шаралармен қамтуға бағытталған.
- Жалпы мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға 2020 жылға қалалық бюджеттен 46,335 млн. теңге бөлінді, оның ішінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа 4 млн. теңге, орталықты қамтуға – 28,742 млн. теңге бөлінді. 3,5 млн. теңге үнемделіп мемлекеттік бюджетке қайтарылды, - деп мәлімдеді Өскемен қаласы әкімдігінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры С. Қайсарбеков.
Сонымен қатар, С. Қайсарбеков эфир барысында келіп түскен сұрақтарға жауап беріп, жобалық кеңсемен алдағы уақытта бірлесіп жұмыс жасайтынын жеткізді.