«ҚҰРМЕТТІ ЗЕЙНЕТКЕР» республикалық байқауына қатысуға шақырамыз!

«ҚҰРМЕТТІ ЗЕЙНЕТКЕР» республикалық байқауына қатысуға шақырамыз!

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай «Жаңа Қазақстан» республикалық инновациялық орталығының ұйымдастыруымен «ҚҰРМЕТТІ ЗЕЙНЕТКЕР» атты республикалық байқау өтеді.

Байқаудың мақсаты – саналы ғұмырын ел мен қоғам игілігіне арнаған, қажырлы еңбегімен мемлекетіміздің дамуы мен өркендеуіне үлес қосқан ардагер буын өкілдерінің еңбегін ұлықтау. Сондай-ақ олардың өнегелі өмір жолын, еңбекқорлығы мен елге сіңірген қызметін дәріптеп, жас ұрпаққа үлгі ету.

Байқауға қатысу тәртібі

Байқау екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде қатысушы:

* өзі туралы жазылған 2 беттен аспайтын өмірбаянды (Word форматында, 14 кегль, Times New Roman);
* марапаттау парағын;
* өмірбаянында көрсетілген жетістіктерін растайтын құжаттардың көшірмелерін (диплом, алғыс хат, медаль және т.б.) ұсынуы қажет.

Құжаттар 2026 жылғы 30 қазанға дейін қабылданады.

Материалдарды электронды пошта арқылы жолдауға болады: 
ruhany.jangiru.17@bk.ru 

Байқау жеңімпаздарына:

* арнайы тағайындалған «ҚҰРМЕТТІ ЗЕЙНЕТКЕР» төсбелгісі;
* төсбелгіні куәландыратын куәлік;
* «ҚҰРМЕТТІ ЗЕЙНЕТКЕР» статуэткасы;
* дәрежелі диплом табысталады.

Байқаудың марапаттау рәсімі 2026 жылғы желтоқсан айында Астана қаласында конференция форматында өтеді. Қорытынды конференцияның бағдарламасы іріктеуден өткен қатысушыларға жіберіледі.

Марапаттау рәсімінде қатысушыларға қоғам қайраткерлері мен танымал тұлғалардың қолынан төсбелгі және арнайы марапаттар табысталады.

Ұйымдастыру алқасының байланыс телефондары:
+7 747 628 8054
+7 702 986 6405

Толық ақпарат:
bilim-ork.kz⁠
Instagram: @bilim_orkenieti
Facebook: Білім өркениеті