
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай «Жаңа Қазақстан» республикалық инновациялық орталығының ұйымдастыруымен «ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК БӨЛІМ БАСШЫСЫ – 2026» атты республикалық байқау өткізіледі.
Байқаудың мақсаты – өз саласында кәсіби біліктілігімен, тиімді басқару қабілетімен, жаңашыл бастамаларымен және нәтижелі еңбегімен ерекшеленген бөлім басшыларын анықтау, олардың жетістіктерін республикалық деңгейде насихаттау және қоғамдағы кәсіби беделін арттыру.
Байқауға Қазақстанның түрлі салаларында қызмет атқарып жүрген, бөлім жұмысын тиімді ұйымдастырып, мекеме мен қоғамның дамуына елеулі үлес қосып жүрген басшылар қатыса алады.
Байқауға қатысу тәртібі
Байқау екі кезеңнен тұрады.
Бірінші кезеңде қатысушы:
* өзі туралы 2 беттен аспайтын өмірбаянды (Word форматында, 14 кегль, Times New Roman);
* өтініш кестесін;
* кәсіби жетістіктерін растайтын құжаттардың көшірмелерін (диплом, алғыс хат, медаль және т.б.) ұсынуы қажет.
Құжаттар 2026 жылғы 25 қазанға дейін қабылданады.
Материалдарды төмендегі байланыстар арқылы жолдауға болады:
zhana_kazakhstan@bk.ru
+7 747 192 2007
Байқау жеңімпаздарына:
* «ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК БӨЛІМ БАСШЫСЫ» төсбелгісі;
* төсбелгіге арналған куәлік;
* «ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК БӨЛІМ БАСШЫСЫ» статуэткасы;
* дәрежелі диплом;
* қатысушыға қолдау көрсеткен мекеме басшысының атына Алғыс хат табысталады.
Байқаудың марапаттау рәсімі 2026 жылғы желтоқсан айында Астана қаласында конференция форматында өтеді. Қорытынды конференцияның бағдарламасы іріктеуден өткен қатысушыларға жіберіледі.
Ұйымдастыру алқасының байланыс телефондары:
+7 705 207 3444
+7 747 192 2007
Толық ақпарат:
bilim-ork.kz
Instagram: @bilim_orkenieti_