«ЕЛ ТАҢДАУЫ – 2026» республикалық байқауына қатысуға шақырамыз!

«ЕЛ ТАҢДАУЫ – 2026» республикалық байқауына қатысуға шақырамыз!

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай «Жаңа Қазақстан» республикалық инновациялық орталығының ұйымдастыруымен «ЕЛ ТАҢДАУЫ – 2026» атты республикалық байқау өтеді.

Байқаудың негізгі мақсаты – еліміздің түрлі салаларында абыроймен еңбек етіп, мемлекет пен қоғамның дамуына елеулі үлес қосқан азаматтарды анықтау, олардың еңбегі мен жетістіктерін дәріптеу, өнегелі өмір жолын көпшілікке үлгі ету және жас ұрпақты отансүйгіштікке, еңбекқорлыққа ынталандыру.

Байқауға келесі сала өкілдері қатыса алады:

* білім және ғылым саласының мамандары;
* медицина қызметкерлері;
* спорт, мәдениет және өнер саласының мамандары;
* әдебиет және көркем өнер саласының өкілдері;
* мұнай және газ өндіру саласының мамандары;
* экология, геология, табиғи ресурстар және энергетика саласының мамандары;
* мемлекеттік қызметкерлер;
* қоғам қайраткерлері;
* теміржолшылар;
* экономистер;
* зейнеткерлер;
* кәсіпкерлер;
* есепшілер;
* ауыл шаруашылығы мамандары;
* ақпарат саласының мамандары;
* құрылыс саласының мамандары;
* әлеуметтік және әскери қызметкерлер;
* ел игілігіне үлес қосып жүрген барлық азаматтар.

Байқауға қатысу тәртібі

Байқау екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде қатысушы өзі туралы жазылған 2 беттен аспайтын өмірбаянды (Word форматында, 14 кегль, Times New Roman), өтініш кестесін және жетістіктерін растайтын құжаттардың көшірмелерін (алғыс хат, диплом, медаль және т.б.) ұсынуы қажет.

Құжаттар 2026 жылғы 25 қазанға дейін қабылданады.

Қатысу үшін материалдарды электронды поштаға немесе WhatsApp нөміріне жолдауға болады:

zhana_kazakhstan@bk.ru 
+7 747 192 2007

Байқау жеңімпаздарына:

* «ЕЛ ТАҢДАУЫ» төсбелгісі;
* төсбелгіге арналған куәлік;
* «ЕЛ ТАҢДАУЫ» статуэткасы;
* дәрежелі диплом;
* қатысушыға қолдау көрсеткен мекеме басшысының атына Алғыс хат табысталады.

Байқаудың марапаттау рәсімі 2026 жылғы желтоқсан айында Астана қаласында конференция форматында өтеді.

Ұйымдастыру алқасының байланыс телефондары:
+7 705 207 3444
+7 747 192 2007

Толық ақпарат:
bilim-ork.kz⁠
Instagram: @bilim_orkenieti_