
Құрметті өскемендіктер мен қала қонақтары!
Қала күні аясында 80–90-жылдар стиліндегі костюмді музыкалық кештің өткізілуіне байланысты 28 тамыз күні автокөлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.
Сағат 12:00-ден 22:00-ге дейін ДКМ аумағында, атап айтқанда, «Элегант» дүкені бойымен Н. Назарбаев даңғылынан Шәкәрім даңғылына дейінгі аралықта, сондай-ақ ДКМ бойындағы жолда автокөлік қозғалысы уақытша тоқтатылады.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. Қала ішіндегі қозғалысты жоспарлау кезінде осы ақпаратты ескерулеріңізді сұраймыз.