Өскемен қаласында «Құрылтай-2026 сайлауы: сайлау құқықтарын қорғаудың құқықтық тетіктері және сайлау дауларын қарау ерекшеліктері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға Шығыс Қазақстан облыстық сотының, прокуратура органдарының, облыс әкімдігі аппаратының, облыстық сайлау комиссиясының, аумақтық сайлау комиссиясының, сондай-ақ мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.
Кездесу барысында қатысушылар Құрылтай депутаттарының алдағы сайлауына дайындық мәселелерін, сайлау заңнамасының талаптарын сақтау, азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету, сайлау процестерін ұйымдастырудың құқықтық және ұйымдастырушылық тетіктерін, сондай-ақ сайлау заңнамасын бұзудың алдын алу мәселелерін талқылады.
Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша қатысушылар пікір алмасып, Құрылтай депутаттарының сайлауын Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарына қатаң сәйкестікте өткізу жөніндегі ортақ ұстанымдарын растады.