
Құрметті Өскемен қаласының тұрғындары мен қонақтары!
2026 жылғы 9 тамызда Өскемен қаласында «Oskemen Life» жазғы фестивалі өтеді.
Іс-шараның өтуіне байланысты сағат 12:00-ден 23:00-ге дейін келесі көшелерде автокөлік қозғалысына уақытша шектеу қойылады:
Антон Чехов көшесі – Нұрмағамбетов көшесінен Қ. Қайсенов көшесіне дейін;
Максим Горький көшесі – Бейбітшілік көшесінен Жеңіс даңғылына дейін.
Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды және қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауларыңызды сұраймыз.
Сіздерді «Oskemen Life» жазғы фестивалінде күтеміз!