Өскеменде сауда-нарықтық кешендердің, азық-түлік дүкендерінің санитарлық-эпидемиологиялық нормалары талаптарының сақталуын тексеру бойынша мониторингтік топтар өз жұмысын жалғастыруда

Өскеменде сауда-нарықтық кешендердің, азық-түлік дүкендерінің санитарлық-эпидемиологиялық нормалары талаптарының сақталуын тексеру бойынша мониторингтік топтар өз жұмысын жалғастыруда

23 қарашада мониторингтік іс-шаралар барысында сауда-нарықтық кешендер, азық-түлік дүкендері тарапынан облыстың бас санитарлық дәрігері белгілеген шектеу режимін бұзудың 5 фактісі тіркелді.

Атап айтқанда, «Даниель», «Заңғар» СҮ, «Томирис» дүкені, «Имидж» және «Аида» шаштаразында қызметкерлер медициналық маскасыз жұмыс істеді.

Қазіргі уақытта осы фактілер бойынша құқық қорғау органдары оларды кейіннен санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органдарына жіберу үшін тиісті материалдарды ресімдейді, онда заңда белгіленген әкімшілік жауапкершілік туралы мәселе шешілетін болады.

Мониторингтік топтың жұмысы жалғасатын болады.