
2026 жылғы 1 шілдеден бастап Өскемен қаласы, Белинский көшесі, 37А мекенжайында орналасқан төлем қабылдау пунктінің жұмысы тоқтатылатынын хабарлаймыз.
Аталған шешім «Қазпошта» АҚ тарапынан өндірістік объектілердің қаржылық-экономикалық тиімділігін талдау нәтижелері мен операциялық шығындарды оңтайландыру аясында қабылданған.
Бұл ретте тұрғындарға қызмет көрсету тоқтатылмайды. Барлық қызметтерді жақын маңдағы «Қазпошта» бөлімшелерінен, сондай-ақ Гоголь көшесі, 34 мекенжайында орналасқан серіктестік қызмет көрсету бөлімшесінен алуға болады.