«ҮЗДІК IT МАМАН» республикалық байқауы

«ҮЗДІК IT МАМАН» республикалық байқауы

«Даму» халықаралық инновациялық орталығы мен «Bilim-Órkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы ақпараттық технологиялар саласында еңбек етіп жүрген мамандарды «ҮЗДІК IT МАМАН» республикалық байқауына қатысуға шақырады.

Мақсаты: IT саласының дамуына үлес қосқан мамандарды қолдау, кәсіби беделін арттыру және цифрландыру мен жасанды интеллектті дамытуға қосқан үлесін насихаттау.

Қатысушылар: мемлекеттік және жеке сектордың IT мамандары, білім беру, денсаулық сақтау, байланыс саласының қызметкерлері, бағдарламашылар, жүйелік әкімшілер, киберқауіпсіздік, деректер талдауы және жасанды интеллект мамандары.

Талаптар:
* IT саласы бойынша жоғары білім немесе біліктілікті растайтын құжат;
* Кемінде 3 жыл еңбек өтілі.

Қажетті құжаттар:
* өмірбаян;
* жетістіктерді растайтын құжаттар;
* өтініш;
* 3×4 фотосурет.

Құжат қабылдау мерзімі: 2026 жылғы 15 шілдеге дейін.

Жіберу:
elorda_2023@mail.ru
WhatsApp: +7 708 935 69 45

Жеңімпаздар төсбелгімен, статуэткамен, куәлікпен, І–ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталады. Қатысушыны ұсынған мекеме басшысына Алғыс хат табысталады. Марапаттау рәсімі Астана қаласында өтеді.