Өскемен қаласының Полиция басқармасы балалардың жазғы демалысын ұйымдастыратын барлық меншік нысанындағы ұйымдарға!

Өскемен қаласының Полиция басқармасы балалардың жазғы демалысын ұйымдастыратын барлық меншік нысанындағы ұйымдарға!

Өскемен қаласының Полиция басқармасы балалардың жазғы демалысын ұйымдастыратын барлық меншік нысанындағы ұйымдарға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ұйымдасқан балалар топтарын тасымалдау кезінде көлік құралдары легінің патрульдік полиция автокөлігімен алып жүруі міндетті екенін еске салады.

Полицияның алып жүруін ұйымдастыру үшін тиісті өтінімді алдын ала Полиция департаментіне жолдау қажет.

Сонымен қатар, тасымалдаушы балаларды тасымалдауға пайдаланылатын автобустарды олардың техникалық жай-күйі мен балаларды тасымалдауға қойылатын талаптарға сәйкестігін тексеру үшін әкімшілік полиция бөлімшесіне ұсынуға міндетті.

Сондай-ақ, ұйымдасқан балалар топтарын тасымалдайтын жүргізушілерге біліктілігіне, еңбек өтіліне және жол қозғалысы қауіпсіздігі талаптарын сақтауына қатысты жоғары талаптар қойылатындықтан, олар міндетті түрде тексерістен өтеді.

Балалардың қауіпсіздігі – баршамызға ортақ жауапкершілік. Осыған байланысты балалардың жазғы демалысын ұйымдастырушылардан жас жолаушыларды қауіпсіз тасымалдауды қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды алдын ала қабылдауды сұраймыз.