Өскемен қаласы бойынша 2026-2031 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар

Өскемен қаласы бойынша 2026-2031 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, «Жайылымдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының  8-бабының 1) тармақшасына, 13-бабына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 173 «Жайылымдарды ұтымды пайдалану қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 145 «Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы 29 шілдедегі № 263 «Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі үлгілік жоспарды бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, Өскемен қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Өскемен қаласы бойынша 2026-2031 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар бекітілсін:
  2. Өскемен қалалық мәслихатының 2024 жылғы 12 қыркүйектегі № 25/5-VIII «Өскемен қаласында жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2023-2024 жылдарға арналған жоспарды іске асыру туралы» шешімінің күші жойылды деп танылсын.
  3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.

Өскемен қалалық мәслихатының төрағасы А. Светаш