
2026 жылғы 19 маусым күні Өскемен қаласында «Oskemen Life» жазғы фестивалі өтеді.
Осыған байланысты сағат 13:00-ден 22:00-ге дейін қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және іс-шараны өткізу мақсатында келесі көшелерде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі:
Антон Чехов көшесі – «Doner» кафесі жанындағы бағдаршамнан «Lukoil» жанармай құю станциясына дейін;
Максим Горький көшесі – «Нарын» сауда үйі алдындағы жаяу жүргіншілер өткелінен Арбат аллеясы жанындағы жаяу жүргіншілер өткеліне дейін.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және алдын ала балама бағыттарды жоспарлауды сұраймыз.
«Oskemen Life» фестивалінде кездескенше!