
Алдағы бір ай ішінде қала аумағындағы 19 мың шаршы метр жерге 700 мыңнан астам гүл отырғызу жоспарланып отыр.
«Таза Өскемен» мекемесі өкілдерінің айтуынша, жұмыстар тәулік бойы жүргізіледі. Алғашқы кезеңде Әуезов даңғылы, Қазақстан көшесі және «Бәйтерек» айналмасы көгалдандырылады.
Қазіргі таңда Арбатта, Республика алаңында және Сағадат Нұрмағамбетов ескерткіші маңында гүл отырғызу жұмыстары аяқталған.
Биыл жазда Өскемен бұрынғыдан да көркейіп, гүлге оранбақ.