
«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы (бұдан әрі – Конкурс) адамгершілік құндылықтарды жаңғыртуға, отбасы мен неке (ерлі-зайыптылық) институтының оң имиджін қалыптастыруға және отбасының мәртебесін арттыруға бағытталған.
Конкурс Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 181 қаулысымен бекітілген «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын өткізу қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар), сондай-ақ 2021 жылғы 6 мамырдағы № 306 және 2022 жылғы 16 қарашадағы № 904 өзгерістеріне сәйкес өткізіледі.
Конкурсқа қатысуға өтінім Қағидаларда көрсетілген нысан бойынша конкурс басталғаны туралы хабарландыру ресми жарияланған күннен бастап бір ай ішінде қалалық комиссияға қағаз немесе электрондық форматта келесі құжаттарды қоса бере отырып ұсынылады:
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар түпнұсқаларымен бірге ұсынылуы қажет.
Қазақстан Республикасы аумағында қызметіне тыйым салынған ұйымдардың құрамында болған (немесе бұрын болған) мүшелері бар, сондай-ақ құрамында бұрын сотталған мүшелері бар отбасылар конкурсқа қатысуға жіберілмейді.
Конкурсқа қатысуға өтінімдер мен құжаттарды қабылдау «Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ арқылы жүзеге асырылады.
Қағидаларға қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша өтінімдерді қабылдау қалалық комиссиямен 2026 жылғы 15 мамырдан 15 маусымға дейін қағаз және электрондық форматта жүргізіледі. Құжаттарды қабылдаудың соңғы күні – 2026 жылғы 14 маусым.
Өтінімдер төмендегі тәсілдер арқылы қабылданады:
Чехов көшесі, 33, 4-кабинет; электрондық пошта: 265119ops@mail.ru
Қосымша сұрақтар бойынша 8-7232-26-48-92 телефоны арқылы немесе 8-705-526-16-40 нөмірі бойынша WhatsApp арқылы хабарласуға болады.
Қалалық комиссия келіп түскен өтінімдерді 2026 жылғы 15 маусымнан 29 маусымға дейін қарастырып, іріктелген материалдарды конкурстың екінші, облыстық кезеңіне қатысу үшін жолдайды.