
Қызылорда қаласында Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының бастамасымен ұйымдастырылған «Жастар және сайлау» республикалық форумы өтті. Аталған іс-шараға еліміздің түрлі өңірлерінен келген «Жас сайлаушылар клубтарының» өкілдері қатысты.
Форум жұмысына Шығыс Қазақстан облысынан да делегация қатысып, жастардың сайлау үдерісіне қатысу белсенділігін арттыру, азаматтық жауапкершілік пен саяси мәдениетті дамыту бағытындағы өңірлік тәжірибелерімен бөлісті.
Іс-шара барысында жастардың қоғамдағы рөлі, жас сайлаушылар клубтарының қызметі, сайлау жүйесіндегі жастар бастамалары мен өңірлік тәжірибелер талқыланды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров пен Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев жастармен кездесу өткізіп, ашық пікір алмасты.
Форум аясында қатысушылар тәжірибе алмасып, жаңа идеялар мен бастамаларды талқылады. Мұндай республикалық деңгейдегі іс-шаралар белсенді әрі саналы жастарды қалыптастыруға ықпал етеді.