Өскемен қаласында жас сайлаушылар клубының алғашқы отырысы өтті

Өскемен қаласында жас сайлаушылар клубының алғашқы отырысы өтті

Өскемен қаласында қалалық жас сайлаушылар клубының алғашқы отырысы өтті. Іс-шараға жастар, белсенді студенттер мен жас мамандар, сондай-ақ қалалық аумақтық сайлау комиссиясының өкілдері қатысты.

Отырысты Өскемен қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Шерубаев Нурлыбек Адылгазиновичашып, клубтың мақсаттары мен алдағы бағыттарын таныстырды.

Кездесу барысында қатысушылар еліміздегі сайлау жүйесінің құрылымы, сайлау комиссияларының қызметі және азаматтардың сайлау процесіндегі рөлі туралы кеңінен мәлімет алды.
Жас сайлаушылар клубының жұмысы жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, олардың қоғамдық-саяси өмірге белсенді қатысуына мүмкіндік береді.

Іс-шара соңында қатысушылар алдағы уақытта түрлі тренингтер мен кездесулер өткізу жөнінде ұсыныстар білдірді.